Bugin
Сәуірдің 15 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің ұстаздар қауымы студенттер үйінде тұратын студенттерге ауыз ашар жасады.
Күні бойы ауыз бекіткен студенттерге аранайы жайылған дастарханда дәстүрлі тағамдар, табиғи сусындар, құрғақ жемістер мен жаңғақтар, қой етінен, жылқы етінен жасалған тағамдар тарту етілді. 17 студенттер үйінің алдына жайылған кең дастарханға жиналған студенттер өз ризашылықтарын білдіріп, рахмет айтып жатты. Факультет ұстаздарының берілген ауыз ашары достық әңгіме түрінде өтті.
Бұл игілікті істі басқа да факультеттердің ұстаздары осылай ауыз ашар берудің «эстафетасын» қабылдағандай болды. Өйткені Рамазан айы бұл тек жарық күні ішінде тамақ пен судан қалыс қалу - ең бастысы емес. Ең бастысы, бұл рухани тазалық, барлық нәрсеге төзімділік таныта білу, кешіруді үйрену және басқа адамдарға зиян келтірмеу, жақсылық жасауға тырысу, адамгершілік, мейірмандылық пен мейірімділік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық екені белгілі.
Гүлжан Болатова, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
Жалғас Иманалиев
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті