Bugin

Жамбылдағы қойманың жарылуына кінәлі деген күдікпен танымал генерал ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысында былтыр, 26 тамыз күні, жарылған оқ-дәрі қоймасына кінәлі деген күдікпен генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды. Бұл жайлыҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

«19 сәуірде прокуратураның келісім бойынша Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс фактісіне қатысы бар деген күдікпен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы қамауға алынды. Оған ҚР ҚК-нің 453-бабы бойынша қылмыстық іс ашылып отыр», - деп хабар таратты ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Байзақ ауданында орналасқан оқ-дәрі қоймасы жарылып былтыр 17 адам қайтыс болған еді. Кейін бұл іске қатысты президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен қылмыстық іс ашылған-тұғын. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, оқ-дәрі қоймасын әлдебіреулер қасақана жарып жіберген болуы мүмкін.