Әлем

Зеленский Украинаның оңтүстігі мен шығысында не болып жатқанын айтты (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі жағдай мүлде қиын екенін айтты. Бұл туралы ол видеоүндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Басқыншылар жаңа ауқымды шабуыл арқылы жеңіске жетуге тырысуда. Мен біздің әрбір қорғаушымызға, Украинаның Қарулы Күштеріне, басқыншыларға төтеп берген барлық қалаларымызға шын жүректен алғыс айтамын. Олар біздің мемлекетімізді сақтау үшін күресуде», - деді ол.

Осы қалалардың ішінде Зеленский Мариуполь, Авдеевка, Марынка, Красногоровка, Торецк, Үлкен Новоселька, Золоте, Попасная, Изюм, Харьков, Гуляиполь, Николаев, Высокополь, Снегиревканы атады.

- «Сонымен қатар ондаған басқа қалаларда, шығыстағы біздің басқа қауымдастықтарда, Украинаның оңтүстігіндегі қауымдастықтарда халқымыздың тағдыры, біздің бостандығымыздың тағдыры шешіліп жатыр», - деп қосты мемлекет басшысы.