Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comГеосаяси жағдай ушыққан қазіргі кезеңде Қазақстан соғысқа дайын ба? Қарулы күштеріміз сақадай сай ма? Қаруымыз жеткілікті ме? Армиямыздың әлеуеті қандай? Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов аталған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
– «Біз сарбазбыз. Біз өз мемлекетімізді қандай жағдай болмасын қорғауымыз керек! Иә, қазіргі жағдайды көріп отырмыз. Қарулы күштердің даярлық деңгейін мен Жоғарғы бас қолбасшының тапсырмасымен тексердім. Өзіңіз білетіндей, өткенде ғана біз «Батыл тойтарыс» деген оқу-жаттығу жиындарын аяқтадық. Қазір талдау жүргізіп жатырмыз. Қазақстан халқы ештеңеге алаңдамай-ақ қойсын. Иә, проблемалар бар. Олар бірақ шешіліп жатыр», – деді министр.
Оның айтуынша, әскери салада жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Жеке құрамда оқу-жаттығу жұмыстары өтеді.
– «Әскери мүмкіндіктерді арттырып, материалдық-техникалық қамту жағынан да шаралар қабылданады. Бұл жерде кеудемді тоқпақтағым келмейді. Қазақстанның Қарулы күштері басқа да әскери құрылымдар секілді Конституциялық құрылым мен аумақтық тұтастықты қорғау міндетін орындайды», – деді ол.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61