Bugin
Ресей президенті Владимир Путин Киев облысында бейбіт тұрғындарға қиянат жасаған ресейлік басқыншыларды жою арқылы «ізін жасыруды» көздеп отыр. Путин Мариупольдегі әскери қылмыскерлерді кәдеге жаратуды қалайды. Бұл туралы Азов полкі командирінің орынбасары капитан Святослав Паламар мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Obozrevatel сайтына сілтеме жасап.
Қалада V әрпімен таңбаланған ресейлік әскери техниканың байқалуы осындай ниеттердің дәлелі.
- «Олар Киев облысында да бейбіт халыққа қиянат жасаған қылмыскерлер. Менің ойымша, Путин осылайша өз ізін жасырып, бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған сұмдық әрекеттердің көзін жойғысы келеді», - деді Паламар.
Еске салайық, 18 сәуірде Путин Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің 64-ші бөлек мотоатқыштар бригадасына «Гвардия» құрметті атағын берген болатын. Дәл осы бригада Киев облысында, атап айтқанда, Буча қаласында бейбіт тұрғындарға қиянат жасаған.