Bugin

«Доп Киев жақта»: Кремль кімді алдап отыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Владимир Зеленский Ресейдің соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер аясында дайындаған құжат жобасын Украинаға жібермегенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Obozrevatel сайтына сілтеме жасап.

19 сәуірде Еуропа кеңесінің президенті Чарльз Мишельмен кездескеннен кейін журналистер Зеленскийден агрессор ұсынған бастамаларды көрдіңіз бе деген сұрақ қойды. Президент мұндай құжаттардың мүлдем келмегенін айтты.

- «Олардың бізге ештеңе бермегеніне сенімдімін», - деді ол.

Зеленский Мәскеудің «доп Киев жағында» деген танымал тезисіне де жауап берді.

- «Мен футболды жақсы ойнайтынмын. Ол жақта қандай ереже бар? Сізге екі команда және бір доп керек. Бұл жерде Песков (РФ басшысының спикері - ред.) өзімен өзі футбол ойнап жүрген сияқты. Біз міндетті түрде ойнаймыз. Бізге доп берілген бойда қақпаға қалай гол соққанымызды көрсетеміз», - деді Зеленский.

Еске салайық, Кремль спикері Дмитрий Песков Мәскеудің Украинаға ресейлік құжат жобасын тапсырғанын айтқан. Ал енді Ресей Киевтен жауап күтуде.