Әлем
21 сәуір күні таңертең Украинада орын алған оқиғалар туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізді
АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізді, олар 29 жеке және 40 заңды тұлғаға әсер етеді. Шектеулер басқалармен қатар Орталық банк төрағасының бірінші орынбасары Ксения Юдаева мен Михаил Алексеевке де қатысты. IBS Group негізін қалаушы және иесі Анатолий Карачинский, сондай-ақ Жаңа Зеландия азаматы, Сбербанк CIB бұрынғы қаржылық директоры Пол Голдфинч те шектеулерге ұшырады.
Ақ үй Украинаға әскери көмекті арттыруға уәде берді
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ билігі Украинаға әскери салада қосымша көмек көрсетуге дайындалып жатқанын, бірақ қазір оның егжей-тегжейлерін жария етуді мақсат етпейтінін айтты.
- «Күн сайын қару-жарақ пен оқ-дәрілер келіп жатыр және біз әлем бойынша одақтарымыз бен серіктестіктеріміздің қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз. Джо Байден әкімшілігі Украина үкіметін осы әскери қақтығысқа қарсы тұру үшін жабдықтауға қолдан келгеннің бәрін жасайды», - деді Псаки.
«Мариупольден гуманитарлық дәліз жұмыс істемеді» - Украина премьер-министрінің орынбасары
Украина вице-премьері Ирина Верещук Telegram желісінде «Мариупольден гуманитарлық дәліз бүгін жоспарланғандай жұмыс істемеді» деп мәлімдеді. Ондаған адам қаладан Запорожьеге гуманитарлық дәліз арқылы өте алғанымен, Мариуполь мэрі 6 мың адам эвакуацияланады деп үміттенген. Верещуктің айтуынша, бұл сәтсіздікке Ресейдің «жердегі өз әскерін бақылай алмайтындығы» себеп болған.
«Украина БҰҰ ұсынған Пасха бітіміне келіседі» - СІМ
Украина Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынған Пасха бітіміне келіседі. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған. Ведомствоның атап өтуінше, бітім ең қауіпті аймақтардан адамдарды эвакуациялауға мүмкіндік береді.
- «Біз гуманитарлық үзіліс жалғасып жатқан және ықтимал соғыс қимылдарының қауіпті аймақтарынан, ең алдымен, көптен бері азап шеккен Мариупольден кеткісі келетін мыңдаған бейбіт тұрғындарды қауіпсіз эвакуациялау үшін қажет деген пікірге толық қосыламыз», - деп атап өтті СІМ.
Пентагон Украинаға әскери ұшақтар жеткізілгені туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады
Пентагон баспасөз хатшысы Джон Кирби Украина билігі әскери көмек ретінде басқа елдерден ұшақ алмағанын айтты. Ол дұрыс емес ақпарат бергенін мойындап, Киевке тек қосалқы бөлшектер жіберілгенін атап өтті. Алайда Кирби Украинаның қосымша ұшақты пайдалану үшін «жеткілікті қосалқы бөлшектер» алғанын айтты. CNN хабарлауынша, Украина қосалқы бөлшектердің көмегімен 20 ұшақты жөндеуге мүмкіндік алған.
«Дүниежүзілік азық-түлік дағдарысы салдарынан «адамдық апатқа» тап болды» - Дүниежүзілік банк президенті
Дүниежүзілік банк президенті Дэвид Мальпас Украинадағы қақтығыс салдарынан туындаған азық-түлік дағдарысы салдарынан әлем «адамдық апатқа» тап болып отырғанын айтты. Азық-түлік бағасының рекордтық өсуі жүздеген миллион адамдарды кедейлікке итермелейді, деді ол. Дүниежүзілік банк азық-түлік бағасының 37 пайызға «жаппай» өсуі мүмкін деп есептейді, бұл «кедейлер үшін қиын жағдай».
- «Бұл тағамның барлық түрлеріне әсер етеді - майлар, дәнді дақылдар, содан кейін ол жүгері мен бидай сияқты басқа дақылдарға таралады», - деді Малпас.
БҰҰ Бас хатшысы Ресей және Украина президенттерімен кездеспек
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған күш-жігер аясында Ресей мен Украина басшыларына бөлек хаттар жазып, олармен кездесуді сұрады, деп хабарлады ұйым. БҰҰ-ның ресми өкілі Стефан Дюжаррик Гутерриш президент Владимир Путиннен өзін Мәскеуде және президент Владимир Зеленскийді Киевте қабылдауды сұрағанын айтты.
- «Ол Украинаның да, Ресей Федерациясының да Біріккен Ұлттар Ұйымының негізін қалаушы мүшелері және әрқашан осы ұйымды табанды жақтаушылар болғанын атап өтті», - деді Дюжаррик.