Аймағамбетов Павлодарда өртенген мектеп туралы пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Павлодарда өртенген мектеп туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Мұның бірінші жағдай еместігін айту керек. Сондықтан біз барлық оқыту ұйымдарына толық тексеру жүргізуді тапсырдық. Себебі өртке қарсы шаралар сақталуға тиіс. Мектеп пайдалануға берілгенде, жөндеуден кейін және жаңа оқу жылы басталар алдында міндетті түрде актілер болуы керек. Енді өрттің неден туындағанын білу үшін тергеу жүргізілетін болады. Менде бар ақпаратқа сәйкес, күйік алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тек бір мұғалім осы жағдайға байланысты психологиялық проблемаға ұшырады. Оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», - деді министр.

Сонымен қатар Білім министрі оқушылардың сабақты қалай жалғастыратыны туралы айтты.

«Қазір ғимаратқа толық тексеру жүргізіледі. Тиісті қызметкерлер өрттің себебін анықтайды. Егер әрі қарай оқуға еш қауіп болмаса, балалар оқуын жалғастыра алады. Әзірге олар қашықтан оқиды. Ал ғимараттың жарамсыз екені анықталса, әкімдік бұл балалардың оқуын басқа ұйымдарда жалғастыру шараларын қарастырады», - деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, бүгін таңертең Павлодардағы №28 мектептің 200 шаршы метр аумағы өртеніп кетті. Мектептен 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61