Әлем
10-12 сәуірде Филиппинде «Агатон» («Меги») тропикалық дауылы соғып, 224 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
Филиппиннің Апат қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық кеңесінің хабарламасына сәйкес, тропикалық дауылдан қаза тапқандар саны 224-ке жеткен, тағы 2 миллион 81 мың адам зардап шекті. Ал 175 мыңнан астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Сонымен қатар қазіргі уақытта 76 елді мекенде электр қуатына байланысты мәселе туындап отыр.