Bugin

Қазақ ғалымы дыбыс хабарламаны мәтінге айналдырудың жолын тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық ғалым Өркен Мамырбаев қазақ тіліндегі дыбыс хабарламаларды мәтінге ауыстыратын жүйе ойлап тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«Kazak ASR» зияткерлік жүйесі Telegram әлеуметтік желісінде чат-бот ретінде қазірдің өзінде жұмыс істейді. Жоба сонымен қатар танымал нидерландтық Philips компаниясының өнімдеріне біріктіріліп, жақын арада нарыққа шықпақ.

«Kazak ASR» дыбыс сигналын танып қана қоймай, оларды мәтінге айналдырады. Әзірленген жүйе Telegram-да чат-бот ретінде жұмыс істейді. Жүйені тексеру үшін дыбыс хабарламасы түймесін басып тұру керек. Жазу аяқталғаннан кейін бот сіздегі дыбыс сигналдарын мәтінге айналдырады. Сонымен қатар командаммен бірге жиналыс немесе кездесу кезінде қосуға болатын дыбыс жазу құрылғысын әзірледік. Жиналыс аяқталғаннан кейін құрылғы қазақ тілінде хаттама дайындайды», - деді Мамырбаев.

Қазіргі уақытта Philips өнімдеріне қазақша сөйлемдерді тану технологиясын енгізу бойынша құжат әзірленіп жатыр.

«Philips компаниясы серіктестік пен өнімді одан әрі жетілдіруді ұсынды. Егер алгоритм туралы кезең-кезеңімен айтатын болсақ, алдымен бағдарлама компьютерге жүктеледі. Содан кейін микрофонды қосамыз. Сөйтіп сөйлей бастаймыз. Құрылғы автоматты түрде екі түрлі дауысты таниды және оның қазақ тіліндегі мәтінін екі бөлікке бөліп көрсетеді. Мұндай микрофон ақпаратты мәтін түрінде сақтау қажет болуы мүмкін жиналыстар кезінде хаттамалар толтыру үшін пайдалы», - деді ғалым.