Bugin

Биліктегі ауыс-түйіс: Президент бірнеше шенеунікті тағайындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Арман Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген жарлықта.

Сонымен қатар Марат Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болып тағайындалды.