Әлем
G7 елдерінің қаржы министрліктері мен орталық банк басшылары Украинаға 24 млрд доллар көлемінде қосымша көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Агенттіктің хабарлауынша, мемлекеттер қажет болған жағдайда Украинаға келесі жылдары да көмек көрсететінін айтқан.
Сонымен қатар «Үлкен жетілік» Ресей өкілдерінің осы аптада «Үлкен жиырмалық», Халықаралық валюта қоры және Әлемдік банк тәрізді ұйымдардың жиындарына қатысқанына өкініш білдірді.
«Халықаралық ұйымдар мен көпжақты форумдар бұдан былай, Ресеймен өз қызметін әдеттегідей іскерлік форматта жүргізбеуі керек», - дейді олар.