Bugin
Мәскеу соты Ресейдің Қарулы күштері жайлы «фейк» ақпараттарды жоюдан бас тартқаны үшін Google-ге 11 млн рубль айыппұл салды.
Оның ішінде 4 млн рублі Google-дің өзіне салынса, қалған 7 млн рублі YouTube-ке салынды.
Соттың уәжінше, Google жариялаған мақалада Ресей әскерінің Украинада қаза тапқан жауынгерлерінің саны өтірік берілген, ақпарат шындыққа жанаспайды. Сол ақпаратты Кремль билігі алып тастауға бұйырған көрінеді. Алайда компания оны істемеген. Сол үшін 4 млн рубль шамасында сот айыппұл салған.
Екіншісі – YouTube-тегі «Ресейдеге теракт жасауға үндеген» видеороликтер. Олардың арасында Украинаның даңқты «Азов» полкінің видеоүндеулері де жүр. Бұған сот 7 млн айыппұл салып отыр. Құзырлы орган оппозиционер Алексей Навальный YouTube-тегі арнасын жауып тастауды да талап еткен. Компания мұны да істеуден бас тартқан.