Bugin
Ресей көліктерін құрастырумен айналысқан қазақстандық зауыт сатылғалы жатыр.
Қазақстанның көлік нарығында ірі компаниялардың бірі болған Өскемен қаласындағы «Азия Авто» зауытының ғимараты сатылымға шықты. Электронды аукционға шыққан ғимарат кешенінің жалпы ауданы – 3448 шаршы метр. Сатылғалы жатқан мүліктің ішінде төрт қабатты әкімшілік-өндірістік корпус та бар. Оның ауданы – 1140,5 шаршы метр.
Аукцион 3 мамырдан басталмақ. Бастапқы бағасы – 5,3 млрд теңге.
Индустрия және инновациялық даму министрлігі 2020 жылы «Азия авто» зауытымен бүкіл келісімшартын бұзып, үкіметтен берілген артықшылықтарын қайтарып алған еді. Содан компания банкротқа ұшырап, 1500 адам жұмыссыз қалды.
«Азия авто» компаниясын сот мемлекетке 174 млрд теңге қаржы қайтару керек деп үкім шығарған.