Bugin
АҚШ-тың Қарулы күштері Украина арнап арнайы әскери дрон (беспилотник) құрастырып шықты. Жаңа қару арнайы Украинаның қажетіне орай жасалды. Бұл жайлы CNN жазды.
Пентагонның өкілі Джон Кирбидің айтуынша, бұл әскери дрон Switchblade тактикалық қаруына қатты ұқсайды. Ұшу аппаратына Phoenix Ghost деген атау берген екен. 121 данасы құрастырылған.
«Украинаның талабына сай арнайы жасалды», - деп түсіндірді Кирби.
Оның айтуынша, дронды қолдану аса қиын емес. Украина сарбаздарды мұндайды бұрыннан бері қолданы жүр. Сондықтан үйрену оңай.
Бұл қару АҚШ-тың Украинаға әскери көмек ретінде беріп отырған $800 млн қаржысының ішіне кіреді. Америка украин жұртына 144 мың артиллериялық оқ-дәрі, 72 тактикалық көлік, 115-миллиметрлі 72 гаубица және 121 дрон бергелі отыр.
Ал Ресей билігі болса, АҚШ Украинаға әскери көмек беріп отырғаны дұрыс емес. «Арнайы әскери операцияны» жүргізуге кедергі келтіріп отыр деп мәлімдеді.
«АҚШ-тың ниеті түсінікті: Украинаға көмектесу арқылы Ресейдің күшін әлсіретпек. Киев билігінің жағдайы ауыр. Жақында құлары анық. Соған қарамастан АҚШ көмектесіп әлек», - деп пікір білдірді Ресейдің Сыртқы істер министрлігі.