Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Z қарпі бар әскери киім формаларын киюге тыйым салды. Құпия қызметтің ойынша, мұндай әскери киімдер ұлтараздық дау-жанжалды туғызуы мүмкін.
Комитеттің мәліметіне қарағанда, қазір Қырғызстанда Z символикасы бар әскери формалар сатылымға шығып, әлеуметтік желіде жарнамасы тарап, қаптап кеткен көрінеді. Әрі бір жағынан қоғамның ашуын туғызатын дүниеге де айналған көрінеді.
«Ұлттық қауіпсіздік органдары ұлтаралық жанжалды туғызбас үшін Z белгісі бар киім формаларын сатуға, жалға беруге тыйым салады. «Мәңгілік полк» шеруіне де киюге болмайды», - деп жазады комитет.
Ал Қырғызстанның ресми билігі Ресей-Украина соғысына қатысты бейтарап позиция ұстанып отыр. Мұндай күмәнді белгілер қырғыз билігінің бейтарап позициясына нұқсан келтіруі мүмкін деседі қоғам өкілдері.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61