Әлем
Батыс елдері Киевке тағы да әскери көмек көрсетіп, Ресейге қаржы алып келетін жобаларды азайтуы керек. Бұл туралы Ұлыбритания миллиардері Ричард Брэнсон Euronews арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Қазір бейтарап болып отыратын уақыт емес. Үкімет әскери көмекті шұғыл арттыруы қажет, Украина сұрап жатқан қару-жарақты жеткізуіміз керек. Сонымен қатар Ресейге мұнай, газ және көмір үшін жіберетін қаржыны тоқтатуымыз маңызды», - дейді Virgin Group корпорациясының негізін қалаушы.
Еуропалықтар ресейдің мұнай, газ, көмірінсіз жұмыс істей алмаймыз, одан бас тарту бағаның тұрақсыздануына әкеледі деп ойлайды. Алайда кәсіпкердің сөзінше, бұл мәселенің қарапайым шешімі бар.
«Халықаралық энергетикалық агенттік елдері барлық көлік құралдары үшін жылдамдықты (10 м/с) шектеу ережесін белгілесе болады. Бұл арқылы Германия мен Еуропа Ресейден сатып алатын мұнайдың орнын толтыратын еді», - дейді ол.