Әлем
«Россия-1» арнасындағы «Сто к одному» шоуының жүргізушісі Александр Гуревич әлемде болып жатқан оқиғалар туралы ойын айтқаннан кейін бағдарламадан кетті. Бұл туралы Стархит басылымы жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Гуревич әлемде соғыс болып жатқанда көңіл-көтерушілік бағыттағы бағдарламаны жүргізгісі келмейтінін және оған қатысқысы келмей жатқан қонақтарды түсінетінін айтты.
«Өзіме көңіл-көтеріп жатқанымыз қате болып көрінеді. Біздің бағдарлама қонақтарының арасында да солай ойлайтындар бар деп ойлаймын», - дейді жүргізуші.
Айта кетейік, «Сто к одному» бағдарламасы 1998 жылдан бері эфирде көрсетіліп келеді.
«Қазіргі кезде бағдарламаның жаңа жүргізушісі кім болатыны белгісіз. Жалпы бағдарлама алдағы уақытта жұмысын жалғастыра ма? Ол да белгісіз», – деп жазады басылым.
Ал Meduza басылымының ақпаратынша, Гуревич соғысқа қарсы шыққаннан кейін «Сто к одному» бағдарламасы YouTube желісіндегі ресми арнадан алынып тасталды. Мұның себебі әлі белгісіз.