Депутат Қайрат Құдайберген қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қамауға алынды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында хабарлады. Ақпаратты депутаттың туыстары растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Түнде Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деп (Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1 және 2-бөлігі) айыпталып жатыр», - делінген telegram-арнадағы хабарламада.

Сонымен қатар ҚР Бас прокуратурасы Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады.

Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

«Оны кеше, 21 сәуір күні ұстады. Мұны Алматы қаласының прокуратурасы БАҚ өкілдеріне растады», - деді ол.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан тараған видеоларда кәсіпкердің «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмалдиевтің жанында жүргені көрінген болатын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61