Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПолиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М.Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен соталды тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).
Осы факт бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады», - делінген хабарламада.
Ақпарат бойынша қазіргі уақытта Мәсімовке іздеу жарияланған.
«Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61