Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБолат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс тіркелмеді. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы.
«Нұрбол Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс Алматы облыстық полициясы тергеушілерінің өндірісінде тіркелмегенін хабарлаймыз», - дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Мақсат Ережепов.
Айта кетейік, бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаевтың ұлына адам өлтірді деген айып тағылды деген ақпарат тараған болатын.