Bugin
«Самұрық-Қазына» қоры бұдан былай Ресейден келетін қаржыны рубльмен алуды тоқтатады. Бұл туралы қордың экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы хабарлайды.
- «Енді рубльмен қаржыландыру қарастырылмайды. Бұрын қор компаниялары үшін қаржыландырудың рубльмен жасау тиімді болғаны рас. Өйткені Ресейдің Орталық банкі белгілеп берген қаржыландыру сомасы біз үшін тиімді еді», - деп түсіндірді Нұрбаева.
Оның айтуынша, бұрын несиені рубльмен алған компаниялар қайта қаржыландыруды осы валютамен жүзеге асыра беретін.
- «Бірақ қазір жағдай өзгерді. Рубльмен қаржыландыру құны қиындады, ресей банктеріне салынған санкция кедергі келтіріп жатыр», - деді ол.