Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматы қалалық прокуратурасында кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің ісіне қатысты мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы KazTag сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
- «Алдын ала тергеу барысында Қ. Қ Құдайберген А.Б Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақүйінде халықты жинап, Жұмагелдиевтің төңірегіне бірігуге, оны қолдап, билікке ортақ талаптар қоюға шақырды. Сондай-ақ, жиналғандарды 10 адамнан тұратын «ұяшықтар» бойынша бөліп, оларды топтастырудың белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштар байлауды тапсырды. Осыдан кейін Құдайбергенов пен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, наразылық білдірушілерді Жұмагелдиевтің айналасына біріктіріп, алаңда жедел штаб ұйымдастырып, билікке ортақ талаптар қойды», - деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қадағалау органында көрсетілгендей, «Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған заңға қарсы акция түрлі зорлық-зомбылық пен дене жарақаттарын келтіріп, соңы жаппай төбелеске ұласты».
- «Құдайбергеннің тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және қатысқаны «Қазақстан» қонақүйінде ұсталған Жұмагелдиев тобының мүшелерінің ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалар және куәгерлердің айғақтары арқылы расталады», - деп хабарлады прокуратура.