Әлем

Путин Бас қолбасшы міндетін өз мойнына алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Киевке жасалған сәтсіз шабуылдан кейін Ресей президенті Владимир Путин бас қолбасшы міндетін өз мойнына алды. Бұдан былай Кремль басшысы Украинамен соғыста бұйрықты жеке өзі беретін болды. Бұл туралы Bellingcat журналисі Христо Грозев танымал саясаткерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

Грозевтің айтуынша, Путин бәрін өзі басқаруға және нұсқаулар беруге тырысады. Өйткені ол енді ешкімге сенбейді.

- «Ол қазір бәрін өзі басқарып, бас қолбасшы болуға тырысуда. Себебі, Путин ешкімге сенбейді. Өзі бұйрық береді. Бірнеше күн немесе апта ішінде ол біраз қателіктерді түзетеді. Бірақ Украинаға қарсы соғыстың жаңа стратегиясын құра алмайды», - деді Грозев.