Bugin
Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Нұрлан Мәсімовтің қанша пара алғаны белгілі болды. Бұл туралы журналист М.Козачков өзінің телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Еске салсақ, бұған дейін Нұрлан Мәсімовтің 60 млн теңге пара алғаны туралы сөз болған. Алайда әлеуметтік желідегі дерекке қарағанда, оның алған парасы 60 млн емес, 150 млн теңге екені белгілі болды.
Нұрлан Мәсімов Қордай бекеті арқылы Қазақстан шекарасынан шығып кетуге әрекет жасаған. Әзірге оның қайда екені белгісіз. Сот Мәсімовты қамауға алуға санкция берді.