Bugin
Сәуірдің 6 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінде Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми жұмыстарына арналған дәстүрлі түрде өтетін «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
«Жас ғалымдар» секциясына 170 үміткер қатысуға өтінім берді.
78 қатысушы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
1 қатысушы – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
2 қатысушы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
3 қатысушы – М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;
1 қатысушы – ОҚМПУ
1 қатысушы – Абай атындағы Қазақ ҰПУ
1 қатысушы – Абылайхан атындағы ҚазХҚӘТУ
1 қатысушы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ТБИ
1 қатысушы – РУДН
Секция отырысына 30 адам қатысып, Zoom бағдарламасымен онлайн түрінде екі баяндама жасалды. Қатысушылардың баяндамалары талапқа сай орындалған, белгіленген регламентке сай тыңдалды.
Қатысушылардың жұмыстарына филология факультетінің оқытушылары филология ғылымдарының докторы Болатова Гүлжан, филология ғылымдарының кандидаттары Күркебаев Кенже, Қазыбек Гүлмира төрелік жасады. Жас ғалымдардың барлық ғылыми баяндамаларын тыңдай келе, «Жас ғалымдар» секциясы бойынша мынадай шешім шығарылды:
I дәрежелі дипломымен 2 жұмыс марапатталды:
Асанова Д. М. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты. Жұмыс тақырыбы: «Әлеуметтік желідегі мәтіндердің суггестиясы мен прагматикасы». Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Смағұлова Г. Н.
Шакиров З.З. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты. Жұмыс тақырыбы: «Қазіргі қазақ драмалары және оларды сахналаудағы инновациялық ізденістер (Ұлттық театрлар репертуарларының негізінде)». Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор Темірболат А.Б.
IІ дәрежелі дипломымен 3 жұмыс марапатталды:
Муратова А. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты. Жұмыс тақырыбы: «Қазақ-өзбек әдеби байланыстары». Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қазыбек Г.Қ.
Әден Ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторанты. Жұмыс тақырыбы: «Лингводидактика и актуальные проблемы преподавания русского языка». Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Сансызбаева С. К.
Муқан М. Н. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты. Жұмыс тақырыбы: «Қазақ-үнді әдеби байланысы». Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қазыбек Г.Қ.
IІІ дәрежелі дипломымен 5 жұмыс марапатталды:
Баяндыкова М.А. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты. Жұмыс тақырыбы: «Технологии обучения SMART для повышения мотивации студентов в высшем образовании». Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Бектемірова С. Б.
Мурсалы Н. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты. Жұмыс тақырыбы: «Мұхаббатнаме (Махаббатнама) – көркемдікке құрылған алтын дәуірдің асыл жәдігері». Ғылыми жетекші: ф.ғ.к. Мәтбек Н.Қ.
Шәмілхан А. Ш. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты. Жұмыс тақырыбы: «Қазақ-түрік әдеби байланысы». Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қазыбек Г.Қ.
Әбділла Б. И. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты. Жұмыс тақырыбы: «Қазақ тіліндегі уақыт концептісі». Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., аға оқытушы Сәткенова Ж. Б.
Bexultan D.O. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты. Жұмыс тақырыбы: «Ways of adequate transmission of public speech in interpreting». Ғылыми жетекші: Seidenova S.D.
Жүлделі орын алмаған барлық қатысушыларға грамоталар берілді.
Баяндама жасаған өзге қатысушыларға да мадақтама қағазы берілді. Жеңіске жеткен жеңімпаздарымыз бен жетекшілік еткен ғалымдарымызға алғысымыз шексіз! Жеңістеріңіз құтты болсын! Ғылым жолында толағай табыстар тілейміз!
Гүлжан Болатова, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
Жалғас Иманалиев, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика
және қоғамдық медиа кафедрасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті