Bugin
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі боп тағайындалды. «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов те мүшелікке енді.
«Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін, өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді ... Менің жұмыс тәжірибем, менің ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деп атап өтті Олимпиада чемпионы Серік Сапиев.
Қоғамдық кеңес 5 жылдық стратегиялық құжаттың іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыратын болады.