Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПремьер-Министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі бірқатар кәсіпорынды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Премьер-министр сайтына сілтеме жасап.
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жолдарды жөндеу бойынша барлық қажетті шараны дереу қабылдауды тапсырды. Осыған байланысты Үкімет басшысы бірінші кезекте 94 мың тұрғыны бар 50 елді мекенді байланыстырып отырған «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автожолының учаскесіне барды. Жол Қарашығанақ кен орнына дейін жетеді және Ресейге транзиттік дәліз болып отыр. Қазіргі уақытта күре жолдың жағдайы өте нашар, әрі-бері өткен Қазақстан мен басқа да елдердің ондаған мың азаматы жол азабын тартып отыр.
– «Күре жолдардың жағдайы – Батыс Қазақстан облысындағы ең күрделі мәселелердің бірі. Биылғы жылы біз бұл жұмыстардың ауқымды бөлігін аяқтауымыз керек. Осыдан үш жыл бұрын басталған бұл жобалар қаржының жетіспеушілігінен бітпей қалды. Биыл жолдарды жөндеуге 15 млрд теңге көзделген, егер жұмыс қарқынын тездетуге техникалық жағдай мүмкіндік берсе, қосымша қаражат бөлуге болады. Бюджетті нақтылау кезінде біз “Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы” автомобиль жолына арнайы 6 млрд теңге қарастырдық. Жол жөндеу жұмыстарын 2022-2025 жылдары аяқтау қажет», – деді Әлихан Самйылов.
Еске салайық, 21 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысындағы жол мәселесін шешуді кешіктірген жауаптыларды жазалаймыз деген болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61