Bugin

Дүниежүзілік банк Зеленскийге көмектесуге уәде берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүниежүзілік банк Украинаға соғыс зардабынан құтылу үшін $4,8 млрд шамасында қаржылай көмек бермек. Бұл жайлы Украина президенті В.Зеленскийдің өзі хабарлады.

«Дүниежүзілік банкке көмектесуге өтініш білдірген едік. Өтінішімді жерде қалдырмады. Украинаны қалпына келтіруге $4,8 млрд сомасында қаржылай көмек беретінін айтты. Мұны естіп, біз де қуанып қалдық», - деп жазды украин президенті әлеуметтік желіде.

Украинаға әскер көмектен бөлек, экономикалық көмек көрсетуші елдер жетерлік. Мәселен, АҚШ экономикалық көмек ретінде екі рет қаржы аударды. Барлығы $1 млрд-тай көмек көрсеткен. Қазіргі таңда әлем елдерінен жиналған көмектің жалпы сомасы – $10 млрд сомаға жақын.