Bugin

Ердоған: Менің мақсатым – Путин мен Зеленскийді кездестіру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Тайып Ердоған бүгін-ертең РФ президенті В.Путинмен және Украина президенті В.Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесетінін хабарлады. Бұл жайлы Reuters жазды.

Ердоған екі елдің басшысымен сөйлесіп, екеуін кездесуге үгіттемек. Сол арқылы бейбіт келісім жасауға дәнекер болатынына үмітті.

«Путинмен және Зеленскийге бүгін-ертең тағы телефон шалып сөйлесемін. Екі елдің лидерін Ыстамбұлда бас қосуға көндіріп көремін», - деді Ердоған бүгін.

Айта кетейік, Ресей мен Украина соғысын бейбіт келісімге келтіруге Анкара билігінің сіңіріп жатқан өз еңбегі бар. Осыған бірнеше рет келіссөз өткізуге мүмкіндік берді. Соның бірі – 29 наурыз күні өткен келіссөз.