Bugin

Тоқаев: Жердің иесі – халық деп Ата Заңға бекітуіміз керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор. Осылай деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі кеңес отырысында.

Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды саналатын Жерге иелік ету мәселесін шешу қажеттігіне арнайы тоқталды.

«Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек. Осыған байланысты, Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы», – деді мемлекет басшысы.

Осы ретте Мемлекет басшысы аз уақытта өте көп іс бітіргені үшін Жұмыс тобының мүшелеріне ризашылығын білдірді.

«Мен бүгін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынамын. Бұл – Ата заңымыздың талабы. Конституцияға енгізілетін түзетулер Тәуелсіз Қазақстан тарихының келесі парағын ашады деп сенемін. Мұны Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес деуге болады», – деп түйіндеді сөзін президент.