Bugin

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мәскеуге барып Лавровпен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеуге жұмыс сапарымен келіп, оның барысында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Бұл жайлы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Күн тәртібіндегі халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасылды.

Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайту, отын-энергетика және ғарыш салаларындағы өзара іс-қимыл жөніндегі практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және БҰҰ интеграциялық бірлестіктері шеңберіндегі ынтымақтастық, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.