Әлем
Ресей Украина территориясына ядролық соққы берген жағдайда АҚШ оны бейжай қалдырмайды. Бұл туралы «Европейской правде» басылымына АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Қазір біз Путин жауап беруі тиіс әскери қылмыстар туралы айтып жатырмыз. Бірақ ядролық қаруды қолдану жағдайды түбегейлі өзгертеді. Біз бұл зардаптардың болмауын қамтамасыз етеміз», - деді ол.