Bugin

Шойгумен кездесу: Путиннің денсаулығы сыр беріп жүр ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде Путин мен Шойгудың кездесу сәтінен видео тарады. Желі қолданушылары Путин 15 минут бойы қолын үстелге тіреп отырғанын айтып, орындықтағы қолайсыз отырысына қарап, «ауыр сырқат болуы мүмкін» деген болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Владимир Путин мен Сергей Шойгу Мариупольдегі жағдайды талқылады. Ресей президенті «Азовсталь» зауытына шабуыл жасауды тоқтатуды бұйырды. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, онда шамамен 2000 адам бар көрінеді. Сондай-ақ, басты міндет «орыс сарбаздарының өмірін сақтау» екенін атап өтті. Сонымен бірге ол өндірістік аймақты «шыбын ұшып өтпейтіндей етіп» бұғаттауды бұйырды. Шойгу келісті.

Әлеуметтік желі қолданушылары Путиннің 15 минутқа созылған кездесуде еш өзгеріссіз отырғанын айтты. Ол кездесу біткенше үстелді ұстап отырды. Көбісі мұны денсаулық жағдайымен байланыстырды: қолдың дірілдеуі немесе арқадағы ауырсынуы.

Жалпы, Путиннің денсаулығы туралы 2021 жылдың күзінен бері жиі айтылып жүр. Содан кейін Ресей Федерациясының президенті кенеттен оқшаулануға көшті.

Путин президент болған сәттен бастап Кремль оның денсаулығы туралы ақпаратты жасырды. «Проект» басылымының зерттеуі бойынша, кезінде ат спортына әуес болған Ресей Федерациясының президенті бұрын аттан құлаған екен. Одан кейін Путин біраз уақыт «аяққа тұра алмай» ұзақ уақыт емделген.

Жазушы және британдық бұрынғы депутат Луиза Менш Путин ауруын жасырып жүрген болуы мүмкін деп санайды. Ол Ресей Федерациясының басшысы Паркинсон ауруымен ауырады деп айтқан еді.