Әлем

Франциядағы президент сайлауында Эммануэль Макрон жеңіске жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон елдегі президенттік сайлауда жеңіске жетті, оның қарсыласы Марин Ле Пен жеңілгенін мойындады, деп хабарлайды Bugin.kz  порталы Euronews арнасына сілтеме жасап.

Кеше Францияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Макрон 54,81 пайыз, Ле Пен 45,19 пайыз дауыс жинаған. Осылайша Макрон жеңіске жетіп, бірқатар мемлекет басшылары оны жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Эйфель мұнарасындағы жеңісті сөзінде оның екінші мерзімі ел үшін тыныш болмайтынын, тарихта қалатынын айтты.

- «Алдағы жылдар тыныш болмайды, бірақ олар тарихта қалады, біз бірге болашақ ұрпақ үшін тарихқа жаза аламыз», - деді ол.

Макрон барлық француздар үшін, соның ішінде Марин Ле Пенге дауыс берген оңшыл жақтаушыларға да жақсы Президент болатынын айтты.

- «Басынан бастап сізден ешкімді ашуландырмауыңызды сұраймын, өйткені мен осы сәттен бастап бір лагерьдің үміткері емеспін, барлығына Президентпін», - деді ол.