Bugin

Ішкі істер министрі Нұрлан Мәсімовке қатысты жаңа деректермен бөлісті (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Кәрім Мәсімовтің інісі Нұрлан Мәсімовке қатысты жаңа дерекпен бөлісті. Марат Ахметжанов «Тиек» YouTube-арнасы жариялаған бейнесұхбатта Мәсімовке қатысты барлық сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр Ахметжанов Нұрлан Мәсімовтің Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы ретінде білетінін айтты.

– «Әрине танимын. Мен осы салада 30 жылдан бері жұмыс істеп жатырмын ғой. Прокуратура, сыбайлас жемқорлық саласында еңбек еттім. Нұрлан Мәсімовті департамент басшысы ретінде танитынмын. Қандай кісі екенін білмеймін. Жалпы департамент басшысы ретінде таныспын», – деді Марат Ахметжанов.

Министр Мәсімовтің інісіне қатысты тергеу амалдары бойынша жасыратын ештеңесі жоқ екенін жеткізді.

– «Қазір бұл істі бірігіп жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде ішкі қауіпсіздік қызметкерлері мен тергеу саласының мамандары бірігіп тергеп жатыр. Осы қылмыстық іс бойынша Павлодар облыстық ПД басшысының орынбасары ұсталған. Ол тергеу барысында бюджеттің қаржысын жымқырған деген күдікке ілінді. Осы тұрғыдан алғанда департаменттің бұрынғы басшысына да біраз сұрақтар бар», – деді Марат Ахметжанов.

Іздеуде жүрген Нұрлан Мәсімов шетелге шығып үлгермеген. Алайда оның нақты қай жерде екені белгісіз.

– «Қайда жүргені белгілі болса ұсталады ғой. Қазір осыған байланысты іздеу амалдары жүріп жатыр. Ол Қазақстаннан шыққан жоқ. Біздегі дерек бойынша шекарадан шықпаған. Оны жедел іздестіру шаралары көрсетеді», – деді министр.