Bugin

Қадыров Путинге бағынудан бас тартуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Владимир Путиннің бақылауынан шығып кетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы Obozrevatel сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Украин сарапшысы Олег Ждановтың айтуынша, Рамзан Қадыров Ресей Президентіне бағынудан бас тартуда. Ол өзін Владимир Путинмен бір деңгейге қойғысы келеді.

Путин осыны байқап, Қадыровпен арақашықтық ұстап отыр.

– «Соңғы кезде Путин Қадыровты өзінен алшақ ұстап, Шешенстан астанасынан шығармауға тырысуда. Қадыров сонда да шеңберден шығып, өзін Ресей Президентімен деңгейлес тұлға ретінде көрсетуді қоятын емес», – деді сарапшы.

Оның айтуынша, «қадыровшылар»  Украинадағы қарулы қақтығыста Росгвардияның бір бөлігі болып саналғанымен, шешен басшысына бағынады.

– «Қадыр жасағы РФ армиясына бағынып жүрген жоқ. Жасақ шешен басшысының жеке армия бөлімі сияқты», – деді Жданов.