БІЛІМ
Педагогтарға арналған Ұлттық біліктілік тестілеуі техникалық ақауларға байланысты кейінге шегерілді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«25 сәуір мен 3 мамыр аралығында өткізілетін барлық іс-шараны, оның ішінде Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін, Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын және педагогтарға арналған Ұлттық біліктілік тестілеуін кейінгі мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдауға тура келді», - делінген хабарламада.
Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырудың уақыты туралы ақпарат келесі аптада белгілі болады.
Бұдан бөлек техникалық себептерге байланысты тестілеуді аяқтай алмаған педагогтардың жауаптары сақталып, оларға тесті жалғастыру мүмкіндігі беріледі.