Bugin
Маңғыстау облысында өлген қоқиқаздардың табылуына қатысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«24.04.2022 жылы Facebook.com әлеуметтік желісінде Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 5 қоқиқаздың (фламинго) өлген денелері құм арасында жатқан бейнежазба тарады. «Сам» мемлекеттік орман қорының инспекторлары анықтау жұмыстары жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Ақтөбе филиалының инспекторлары, Бейнеу аудандық ПБ-нің қызметкері Бейнеу ауданын аумағындағы Сам құмы және оған іргелес жатқан аумақтарда қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Сонғы кезде Маңғыстау облысында ауа-райы шаңды, желді болып тұр. Жыл құстарының миграциясы Бейнеу ауданы аумағынан өтеді. Осындай қолайсыз ауа райында, құстардың миграциясы кезінде ішіндегі әлсіздері орта жолда қонып, әрі қарай солтүстік бағытқа ұша алмай, олардың өліміне әкелген болуы мүмкін. Бұл аумақта су көздері жоқ. Құстар табылған жағдайда, ветеринарлық дәрігерлер тарапынан тиісті сынамалар алу жұмыстары жүргізіледі», - дейді мамандар.