Bugin

Назарбаевтың ерлігі Конституцияға мәртебе боп бекітіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның негізісін салған басшы ретінде мәртебе беріліп, елдің Ата Заңында бекітілмек.

Бұл жайлы Конституцияға өзгеріс пен толықтыру енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов айтты.

Оның айтуынша, Тұңғыш президенттің атақ-абыройы мен даңқын ең алдымен Конституция анықтайды.

«Соған орай, жұмыс тобы тұңғыш президенттің рөліне Конституцияның өзінде анықтама беру керек деген шешімге келді. Яғни, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – тәуелсіз Қазақстанның негізін салған адам. Бұл мәртебе Атаң Заңға енгізіледі. Бұл – даңқты мәртебе», - деп түсіндірді Ермек Абдрасулов.

Жұмыс тобы Н.Назарбаевтың «еңбегін бүкіл әлем мойындайтындықтан, оны Конституцияға енгізу керек» деген шешімге келген екен.