Bugin
Конституцияға Президенттен басқа лауазымды тұлғаны кіргізудің қажеті жоқ. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Конституцияда ең алдымен жоғарғы лауазымды тұлға – Президент туыстарына қатысты шектеу қойылып отыр. Министр, басқа мемлекеттік органдардың басшыларын Конституцияға кіргізудің қажеті жоқ деп санаймын. Өйткені басқа да конституциялық заңдар пайда болады. Сол кезде азаматтар депутаттарға осындай ұсыныс жасауына болады», - деді Бақыт Нұрмұханов.
Айта кетейік, еліміздің Конституциясына өзгеріс енгізіліп, Президенттің жақын туыстарының жоғары лауазымдарға отыруына тыйым салынады. Заң күшіне енгеннен кейін Президент туыстары лауазымын босатады.