Bugin
Мемлекет басшысы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады. Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту, сондай-ақ мұнай-газ секторының рөлін күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар белгілі экономист және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өзінің көзқарасын айтты.