Әлем
SpaceX пен Tesla негізін қалаушы Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алу туралы келісімге қол қойды. Миллиондаған пайдаланушылар мен әлем көшбасшылары бар платформаны бақылау әлемдегі ең бай адамның қолына өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters-ке сілтеме жасап.
Компанияның сату бағасы 44 миллиард долларды құрайды, бір акция үшін 54,20 доллар. Twitter жеке компанияға айналады, Маск оны толық бақылауға алады.
- «Сөз бостандығы – жұмыс істейтін демократияның негізі, ал Twitter – адамзаттың болашағы үшін маңызды мәселелер талқыланатын қаланың цифрлық алаңы», - деді Маск.
Бұл жаңалықтан кейін Twitter акциялары шамамен 6%-ға өсті.