Bugin
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Әмір Кәрімбаев Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу жөніндегі тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
- «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Әмір Кәрімбаев Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу жөніндегі тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін қызметінен босатылды», - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, QAJ штабының және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары мен мамандарына қатысты әкімшілік шаралар қолданылғаны хабарланды.