Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРесей Федерациясының президенті Владимир Путин келіссөздерге қызығушылық танытпайды. Соның салдарынан оны жақын арада үлкен мәселелер күтіп тұр. Бұл туралы ресейлік құқық қорғаушы Марк Фейгин айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сегодня сайтыны сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Ресей президенті соғысты дипломатиялық жолмен тоқтату туралы шешімге қызығушылығын жоғалтып, мүмкіндігінше украин аумағын басып алуға бел буған.
- «Менің ойымша, Путин басынан бастап жекпе-жекті тоқтату үшін қандай да бір ымыраға келуді көздейтін келіссөздер жүргізгісі келмеді. Ол ешқандай шешіммен келіспей, өз мақсатына жетуді көздеп отыр» - дейді Фейгин.
Сонымен қатар, Фейгин 9 мамырға дейін Путиннің үлкен проблемаларға тап болатынын айтты.
- «Оны тек жеңіліс қана тоқтата алады. Біз 9-шы мамыр күні белгілі бір тарихи оқиғаның куәгері болуымыз мүмкін», - деді құқық қорғаушы.
Ол Украинамен келіссөз процесін жәй ғана «ойын» деп бағалайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61