БІЛІМ

2022 жылғы ҰБТ форматына қандай өзгерістер енгізілді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық тестілеу орталығы 2022 жылғы ҰБТ форматына енгізілген өзгерістер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Биыл үміткерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі берілді.

Айта кетейік, «Құқық» білім беру саласы бойынша шекті балл өзгеріп, 75 балды құрады. Басқа салалар бойынша өзгеріс жоқ.

Ал базадағы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест тапсырмаларының саны өзгеріссіз сақтала отырып контекстік тест тапсырмалары енгізілді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша тестілеу уақыты (40 минут) берілді. Сондай-ақ оларға суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды.

ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі, металдардың белсенділік қатары қосылған тұздардың ерігіштік кестесі болады.

ҰБТ-ға қатысушыларға тестілеу аяқталғаннан кейін экранда, сондай-ақ Жеке кабинетінде жеке тақырыптық талдау қолжетімді болады. Бұл тестіленушілерге әр пәнді меңгеру деңгейін түсінуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі. Енді әр тестіленушінің тест тапсыру орнында жеке басын (Face ID) сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (фронталды) камера орнатылған.

Естеріңізге сала кетейік, ҰТО ҰБТ-2022 бейнежазбасын күнтізбелік жыл соңына дейін қарайды. Сондықтан барша талапкерлерді академиялық адалдықты сақтауға шақырады.