Bugin

Ердоған Путинмен сөйлесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті В.Путинмен телефонмен байланысып сөйлесті. Бұл жайлы Reuters жазды.

Агенттік жазған ақпаратқа қарасақ, түрік президенті Ресей президентіне хабарласып, Ыстамбұлда бейбіт келіссөз өткізу жайын ұсынған. Украина  мен Ресей келіссе, бейбіт келіссөз өткізуге дайын екенін жеткізген.

«Екі елдің дау-дамайды бейбіт шешеріне сенімдімін. Атысты доғарып, гуманитар-көмек дәлісін ашып, қауіпсіз эвакуация шараларын жасауға толық мүмкіндік бар. Түркия соғысты тоқтатуға мүмкіндік берер бүкіл шараны істеуге бар», - деп мәлімдеген Түркия президент әкімшілігі.

Айта кетейік, Ресей мен Украина соғысын бейбіт келісімге келтіруге Анкара билігінің сіңіріп жатқан өз еңбегі бар. Осыған бірнеше рет келіссөз өткізуге мүмкіндік берді. Соның бірі – 29 наурыз күні өткен келіссөз.