Bugin
Экология министрлігі Қырғызстаннан су ала алмай қалу қаупін көріп отырған жоқ. Ведомство басшысы Серікқали Брекешев Қазақстанды «су блокадасымен қорқытқан қырғыз депутаты Айбек Алтынбековтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Қырғызстан депутаты мемлекеттік кеден қызметі төрағасының шағымынан кейін Жогорку Кенеш отырысында су беруді шектеуді ұсынды. Қазақстан жүк тасымалдаушыларын шекарадан өткізбей, экономикалық блокада жасап отыр. Соның салдарынан бекеттерде жүк көліктері кептелісте тұр.
Экология министрлігі Қырғызстаннан су алмау қаупін көріп отырған жоқ. Ведомство басшысы Серікқали Брекешев бүгін Қазақстанды «су блокадасымен» қорқытып отырған Қырғызстан депутаты Айбек Алтынбековтің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
- «Қазақстан газ экспорттауын тоқтата алады. Қазақстан экономикалық блокадаға түскен соң, біз де су блокадасын қоюымыз керек. Уақыты келгенде Қазақстанға келетін суды тоқтатуымыз керек», - деді Бақытгүл Оқасова.
Біздің шенеуніктер: ешқандай проблема жоқ деп сендіруде. Тек кейбір жүргізушілер Қытай тауарын заңсыз тасымалдамақ болып жатыр. Қосымша тексерулер жүргізу керек. Бұл біраз уақытты алатын жұмыс. Сонымен қатар, Қазақстанның Экология министрлігі Тоқтоғұл және Шардара су қоймаларын толтыру мәселесінде еліміз шынымен де көрші мемлекетке тәуелді екенін мойындайды. Соған қарамастан бізге су тапшылығы қаупі төніп тұрған жоқ. Екі ел арасындағы келісімдер деңгейінде Қырғызстан суды белгіленген көлемде жеткізуді жалғастырады.
- «Ағымдағы айдың 20-күні Тараз қаласында Шу және Талас өзендеріндегі су шаруашылығы объектілері бойынша кезекті кездесу өтті. Бұл Жамбыл облысын сумен қамтамасыз ететін өзендер. Онда да біздің мамандар қырғыз әріптестерімен кездесті. Бізде олар бізге тастауы керек лимиттер туралы келісім бар. Бүгінгі таңда қырғыздар бізге су бермейді деген қауіп жоқ» - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.