Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, телефон арқылы сөйлесу барысында Түркия басшысы Ыстамбұлда Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздердің жалғасуына сенім артатынын айтқан. Сонымен қатар, Ердоған Түркия Украинада берік бейбітшілік орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын баса айтқан.
- «Президент Ердоған атысты тоқтатуға қолжеткізу, гуманитарлық дәліздердің тиімді жұмыс істеуі және эвакуацияның қауіпсіз жүргізілуі маңызды екенін айтты. Ол Түркия оқиғалардың бұл бағытын тоқтату және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын атап өтті», - делінген Түркия президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, Ердоған Ресей мен Украина басшыларын бітімгершілік келіссөзге шақыру туралы ұсынысын қайталады, делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61