Әлем

Ресей Киевтегі британдық кеңесшілерді қорқытты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Қорғаныс министрлігі британдықтардың Украинаның Ресейдегі нысандарды Батыстан алған қару-жарақпен жоюға құқығы бар деген мәлімдемесіне жауап берді. Олар британдық кеңесшілерді «Киевтегі шешім қабылдау орталықтарына» соққы береміз деп қорқытты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BBC орысша бөліміне сілтеме жасап. 

Ұлыбритания Қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппи Украинаның Ресейдің жеткізу желілеріне соққы беруге заңды құқығы бар екенін айтып, Батыс елдерінен алынған кейбір қару-жарақ түрлері тиісті ауқымға ие екенін атап өтті.

- «Лондонның Киев режимін мұндай әрекеттерге шақыруы заңсыздық. Егер Киев бұл әрекетті жүзеге асыруға тырысса, біз оларға дереу жауап беруге дайынбыз. Ресей Қарулы Күштері Киевтегі тиісті шешімдер қабылдау орталығына жоғары дәлдіктегі қарулармен соққы жасауға дайын» - деп жауап берді Ресей Қорғаныс министрлігі.